Жедел кері байланыс арқылы қызмет ұсыну

Осы ретте, уәкілетті органға қандайда бір шағымыңыз болса, мемлекеттік қызмет алуыңыз бойынша толық ақпаратты көрсетіп, шағымдана аласыз.
Бүгінгі таңда, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен аталған телеграмм бот арқылы азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілуде.
Аталған телеграмм боттың жұмысын халықпен таныстыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріне бейнероликтер және халық көп шоғырланатын жерлерге QR код бейнеленген баннер эскиздері жарияланды.
Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.