Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз аулаған

Қызылорда облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз аулаған

Қызылорда облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз аулаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам Қызылорда облысы полиция департаментінің және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторлары мен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталды.

Ол Қызыл кітапқа енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған.
Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес екі құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сурет: massaget.kz
17 қазан 2024 ж. 43 0