Қазақстандықтар қарашада қалай демалады: күнтізбе

2024 жылдың күзінің соңғы айы Қазақстанда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары демалыс күндері ғана демалады. Қараша айындағы демалыс күндерінің саны жұмыс аптасына байланысты болады: аптасына бес күн жұмыс істейтіндердің 9 демалысы, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндерің 4 күн демалысы ғана болады.
2024 жылғы қарашада аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мына күндері демалады: 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24 және 30 қараша. Алты күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін демалыс күндері тек жексенбі күндері болады: 3, 10, 17 және 24 қараша. Сенбі олар үшін жұмыс күні болып қала береді.
Қарашада мемлекеттік мерекелер жоқ болғанымен, кәсіби күндер бар:
5 қараша - Сыртқы барлау күні;
8 қараша - Статистика күні;
10 қараша - Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні;
15 қараша - Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні және ұлттық валюта - Теңге күні;
16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) - Бұрғылаушылар күні;
17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) - Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
18 қараша - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.
Кәсіби мерекелерден басқа, қарашада бірнеше маңызды мерекелер бар:
11 қараша - Энергия үнемдеу күні;
15 қараша - 1993 жылдан бері аталып келе жатқан Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігін бейнелейтін ұлттық валюта - Теңге күні.
Сурет: ашық дереккөзден алынды