Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кредит төлеу шарттары жеңілдетіледі – заң жобасы әзірленді

Кредит төлеу шарттары жеңілдетіледі – заң жобасы әзірленді

Бұдан бөлек, банк қарызын мерзімінен бұрын жапқаны үшін ақы алуға тыйым салынады

Мәжіліс депутаттары қаржы нарығын реттеу заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Ерлан Стамбековтың айтуынша, заң жобасында әлеуметтік осал топтарды қорғау шаралары бар.
"Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін микрокредит пен қарыз бойынша төлемдердің мерзімін кем дегенде 3 айға шегеру, сондай-ақ ай сайынғы төлемді 50 процентке және одан артық төмендету шаралары қарастырылған",-деді Стамбеков мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бөлек, банк қарызын мерзімінен бұрын жапқаны үшін ақы алуға тыйым салынады. Микрокредиттер бойынша айыпақы мүлдем алуға болмайды. Ондай қарыз қайтарылмаған жағдайда ғана айыпақы шараларын қолдануға мүмкіндік бар.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Ақпарат көзі: sputnik.kz
Сурет: ашық дереккөз
18 қазан 2024 ж. 94 0