Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні аспаннан ерекше құбылысты байқай алады

Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні аспаннан ерекше құбылысты байқай алады

Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні «Орионид» метеорлық ағынын бақылай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

21 қазанға қараған түні сағатына 20-ға дейін метеор түседі деп болжанып отыр.
“Орионидтер басқа метеор ағындарының арасында өздерінің жарқын отты шарларымен ерекшеленеді. Ол секундына 65 шақырым жылдамдықпен қозғалатын үлкен метеорлардан тұрады”, – делінген хабарламада. 
Қазақстандықтар оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады. 

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: ашық дереккөзден 
21 қазан 2024 ж. 53 0