Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 27 қазанға арналған ауа райы болжамы

27 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 27 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, ертең Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде дауыл cоғады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болады.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні - 15-20 м/с.

Сурет: baq.kz
27 қазан 2024 ж. 43 0