Желтоқсан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады

16 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қосымша демалысқа шығады. 2024 жылы мереке дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан отандастарымыз қатарынан үш күн демалыс алады.
Демалыс күнінің кестесі мынадай:
14 желтоқсан, сенбі: алты күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күндік жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
15 желтоқсан, жексенбі: демалыс күні;
16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні. Бұл күні барлығы демалады.
Сурет: astanatv.kz
Ал 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндері болады. 2025 жылдың қаңтарында қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай 1 және 2 қаңтарда демалады. Ал 3 қаңтар жұмыс күні.