Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскердегі тәртіптің сақталуы – ел болашағының тірегі

Әскердегі тәртіптің сақталуы – ел болашағының тірегі

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты" деген еді.
Расында әскер – мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Әскери қызметшілердің міндеті – ел тыныштығын, бейбітшілігін сақтау және қажет болған жағдайда оны қорғау. Сарбаздардың бойында отансүйгіштік пен рух беріктігі болуы шарт. Ондағы тәртіптің сақталуы тек бір әскери бөлімнің немесе құрылымның ғана емес, жалпы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының ажырамас бөлігі. Егер армияда тәртіпсіздік болса, бұл жалпы мемлекеттің қауіпсіздікке деген сенімін әлсіретеді. Ал белгілі заңдылық орнаған әскер елдің ең мықты қорғаушысына айналатыны сөзсіз.
Әскердің басты күші – оның тәртіп пен заңға бағынуында. Әскердегі тәртіп бұзушылық оның ішкі әлсіздігін көрсетеді. Мұндай жағдайда әскери құрылымдардың жауынгерлік дайындығы мен қоғамдағы беделі төмендейді.Заңды ереже орнаған кезде ғана командирлер мен офицерлер өздерінің міндеттерін адал әріжауапкершілікпен атқарып, қарамағындағы сарбаздарға үлгі болары анық.
Оның сақталуы – тек әскердің емес, мемлекет пен қоғамның да табысты дамуының негізі. Бұл ұстанымдар арқылы армия қатарындағы әрбір сарбаздың ұрысқа дайындығы, жауынгерлік рухы мен қабілеті нығаяды. Сондай-ақ, тәртіпті сақтаған сарбаз тек әскерде ғана емес, азаматтық өмірде де қоғамға үлгі болады.
Әскердегі заңсыздықтар тек әскери ұжымның ғана емес, бүкіл қоғамның сенімін жоғалтады. Бұл жағдай ел қауіпсіздігіне зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан әскерде заң бұзушылықтардың алдын алу, олармен күресу – бүкіл мемлекеттік құрылымдардың басты міндеті. Жолдауда бұл бағытқа ерекше назар аударылуы – әскердегі ішкі тәртіптің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Құқық қорғау органдары мен әскери басшылық әскердегі әрбір сарбаздың жеке жауапкершілігін арттыруы тиіс.
Заң бұзушылықтарға қарсы күресте барлық әскери құрылымдармен қатар әскери полицияның да рөлі жоғары. Әскери полиция әскерилер арасындағы заңдылық пен тәртіптің сақталуын қадағалап, тәртіп бұзғандарға қатысты шаралар қолдануы қажет. Мұндай шаралар арқылы әскердегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, қызметшілер арасында заң бұзушылықтарға төзбейтін мәдениетті қалыптастыруға болады.
Бүгінгі жастар – ертеңгі ел қорғаны, сондықтан олардың бойында отансүйгіштік, заңды құрметтеу және тәртіпке бағыну сезімдерін тәрбиелеу маңызды. Тәртіп пен заңды сақтау арқылы жас сарбаздар мемлекеттің болашағына деген жауапкершілік сезімін сезіне алатын болады.
Әскер қатарына қабылданған жас сарбаздар мемлекеттің алдында өздерінің борыштарын өтеп, патриотизм мен жауапкершілікті үйренеді. Осылайша, олар тек елін қорғау үшін ғана емес, қоғамның заңдылықтарын сақтауға үйренеді. Жастар әскер қатарында жүріп, қоғамда маңызды рөл атқара алатын тәртіпті, абыройлы азаматқа айналады. Бұл елдің болашақ ұрпағын тәрбиелеу мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы.
Заң мен тәртіпті сақтау – тұрақты мемлекет кепіліЗаңды құрметтеу және тәртіпті сақтау тек әскери міндет емес, бұл қоғамдағы тұрақтылық пен даму негізі. Заң бұзушылықтардың орын алмауы арқылы жалпы қоғамда құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі қалыптасады. Әскер – заңға бағыну және тәртіпті сақтау үлгісі болуы тиіс, өйткені бұл қасиеттер арқылы мемлекет ішіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздік сақталады.
Қазіргі заманда ел ішіндегі және сыртындағы қауіп-қатерлерді ескерсек, әскердің ішкі тәртібі мен заңдылықтары елдің тұрақты дамуы үшін маңызды факторға айналып отыр. Мемлекет басшысының Жолдауында әскер қатарындағы заң мен тәртіпке баса назар аударуы Қазақстанның қауіпсіздік саясатының стратегиялық мақсатын білдіреді.
Әскерилердің заңға бағынуы мен тәртіпті сақтауы арқылы Қазақстан қоғамы өзінің қорғаныс қабілетін нығайтып, ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Әскердегі тәртіп – тек сарбаздардың емес, бүкіл қоғамның тәртібінің айнасы. Әскери тәртіп пен заңдылық арқылы мемлекетіміздің қорғанысы мен азаматтарының қауіпсіздігі берік болады.

Асылхан ЖОЛДАСҰЛЫ
11 қараша 2024 ж. 693 0