Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты

Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты екенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет.

"Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет".
Қасым-Жомарт Тоқаев
Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты.

Фото: kaz.zakon.kz

02 қыркүйек 2024 ж. 296 0