Колледж студенттері МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының бөлім басшысы Ғалымжан Салықовтың айтуынша, облыс халқының 83 пайызға жуығы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Олардың қатарында күндізгі бөлімде оқитын студенттер бар. Студенттер мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 жеңілдікті санатқа кіреді.
Сондай-ақ, спикер егер студент МӘМС-те сақтандырылмаған болса, оқу орнының деканатына хабарласып, мәліметтерді Ұлттық білім беру деректер базасына енгізуді талап ету керектігін атап өтті.
Конференция соңында спикер сұрақтарға жауап берді.