Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен: еліміздің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, 30 қараша, 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады деп болжануда. Тек еліміздің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында, айтарлықтай жауын-шашынсыз тыныш ауа-райы басым болады. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтілуде.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
29 қараша 2024 ж. 144 0