Түркістанда шипажайға барғандар өртеніп кете жаздады
Түркістан облысында ТЖМ қызметкерлері шипажайдағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында шипажайдың 3 қабатты ғимаратында, 1-қабатта моншаның қаптамасынан өрт шыққан.
ТЖМ күшімен өрт 6 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 22 адам өз бетінше далаға шықты, - деп атап өтті ведомстводан.Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.