Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазақстан аумақтарының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты солтүстікте қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, – деп жазылған хабарламада.
Синоптиктер болжамынша, Республика бойынша тұман, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.
Сурет: baq.kz