Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

14 желтоқсан, сенбі: алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
15 желтоқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні;
16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығына демалыс).
Айта кетейік, биыл 30 және 31 желтоқсан да жұмыс күндері.
Желтоқсан әртүрлі салада атап өтілетін кәсіби мерекелер де бар:
5 желтоқсан - адвокатура күні;
6 желтоқсан - прокуратура күні;
15 желтоқсан - энергетиктер күні;
22 желтоқсан - мұрағатшылар күні.
Сурет: qaz.ulysmedia.kz