Тағы да алаяқтар: қазақстандықтарға ескерту жасалды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) басшылығы қазақстандықтарға жалған жаңалықтың тарауына қатысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметі таратты.
"Мемлекеттік қызмет істері агенттігі телеграм және уатсап мессенджерлерінде агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан жалған аккаунттар ашу арқылы хабарламалар таратып жатқан алаяқтар туралы ескертеді", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ хабарламада белгісіз адамдар қандай да бір деректерге қол жеткізу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысатыны түсіндірілді.
Ведомство қазақстандықтарды жалған хабарламаларға сенбеуді, жауап бермеуді және күмәнді сілтемелерге кірмеуді сұрайды.
Сурет: ашық дереккөзден алынды