Антикор алаяқтық фактілері туралы ескертеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді.
"Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай жағдайға тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз",-делінген антикор хабарламасында.
Жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөміріне хабарласу сұралады.
Сурет: stan.kz