Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Адамзатқа ертеден белгілі сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Сондықтан да, мұнымен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблема.
Елімізде осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.
2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Сондай-ақ, Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы да қабылданды. Стратегияның мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және оған қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы Мемлекет басшысының тапсырмалары іске асырылып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандарға жаза күшейді.
Десе де, жемқорлық фактілерінің әлі күнге дейін тиылмай келе жатқандығы ешкімнен жасырын емес.
Сондықтан да, жемқорлықтың түп тамырына балта шабу, жең ұшынан жабысқан сыбайластың жолын кесу мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерімен ғана емес, баршамыздыңда абыройлы ісіміз, азаматтық парызымыз болуы тиіс.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, кез келген адам жемқорлыққа қарсы тұрып, оған деген төзбеушілікті қалыптастырып, мұндай кеселмен бетпе-бет келген жағдайда ол туралы тайсалмай тиісті органдарға дереу хабарлауы керек. Сонда ғана бұл індетті жеңеміз.
Сыбайлас жемқорлық – адам табиғатының бұзылуына, адамгер¬шіліктің тапталуына, адамдардың бөлінуіне әкеледі. Бұл — қоғамдық сананың рухани жақтан емес, материалдық тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы. Біз осыны түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, өмірімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өрке¬ниетті ел құруымыз керек.
Арал аудандық сотының
бас маманы Л.Ажигулова.

19 желтоқсан 2024 ж. 56 0