«Біз жайлы алыпқашпа әңгіме көп». Қайрат пен Жұлдыз ұзақ уақыттан кейін желіге оралды
Танымал әнші Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдікәрімова екеуі бірге ұзақ уақыттан кейін желіге қайта оралды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олар Instagram парақшаларында трендке айналған видеоны қайталап, бірге жазба жүктеді. Онда олар көрермен арасында жұп туралы түрлі алыпқашпа әңгіме көп айтылып жатқанын айтты.
«Мен Қайрекең туралы түрлі әңгімелер естимін. Десе де, мен оны сөкпеймін. Қайрекең туралы ғана емес, жалпы біз жайлы халық арасында алыпқашпа әңгімелер өте көп. Бірақ біз оларды сөкпейміз», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Ұзақ уақыттан бері желіде көрінбей кеткен жұлдызды жұпты көрген жұрт жылы лебіздерін жаудырды. Пікірлер бөлімінде екеуін бірге көрген халық ізгі тіліктерін арнады:
«Махаббаттарың баянды болсын!», «екеуіңді әрдайым бірге көру жазсын», «мәңгілік бақытты болыңдар! Алла абыройдан айырмасын!», «екеуі сондай жарасып отыр, тамаша жұп», «бақытты болыңдар», – деген түрлі пікірлер толассыз жазылып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың елордадағы құны 160 млн теңгелік үйін жер үйге ауыстырмақшы болып, алданып қалғанын жазған едік. Сол оқиғадай кейін енесі Гүлзира Айдарбекова осы оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.