Татуласып, келісімге келген
Арал аудандық сотында талап қоюшы Д-ның жауапкерлер А. мен К-дан қарызын өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.
Талап қоюшының талабына сәйкес, жауапкер А. 2022 жылы талап қоюшыдан 1 400 000 теңге, жауапкер К. 1 500 000 теңге қарызға ақша алған. Алайда, алған қаражатты қайтару туралы міндеттемені орындамауларына байланысты, талап қоюшы берешекті өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Нәтижесінде тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер жасасқан. Келісімдерге сәйкес, талап қоюшы жауапкерлердің материалдық жағдайын ескере отырып, берешек қарыздарын бөліп төлеулеріне мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Арал аудандық соты