Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі жарым миллионнан астам теңге өндіру туралы талап қою медиация тәртібімен реттелді

Екі жарым миллионнан астам теңге өндіру туралы талап қою медиация тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер Д-дан 2 551 586   теңге өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.
Талап қоюшы талабында, жауапкердің өзінен алған қаражатты қайтару туралы міндеттемені  орындамай отырғанын көрсетіп, алажағын өндіріп беруді сұраған.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Татуластыру шараларының нәтижесінде, тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес талап қоюшы жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып, оның берешек қарызын бөліп төлеуіне мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі 


30 қазан 2023 ж. 230 0