2025 жылы жанар-жағармай бағасы қалай өзгереді?

Бүгінде энергетика министрінің жанар-жағармай материалдарына (ЖЖМ) сараланған бағаларды белгілейтін 2024 жылғы 4 мамырдағы № 25 бұйрығы қолданылады:
- АИ-92 және Аи-93 бензині - литріне 245 теңге, ал Қазақстан Республикасында берілген құжаттар болған жағдайда литріне 205 теңге;
- дизель отыны - литріне 315 теңге, құжаттарды ұсынған кезде литріне 295 теңге.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында отынның ең төмен бағасын сақтап отыр. Әлем елдерінде бензин бағасы 36-дан 166 пайызға дейін, ал дизель бағасы 17-ден 66 пайызға дейін өзгереді.
Сурет: massaget.kz