“Денсаулық елі”
Есірткі жайлы ертегі
Ерте, ерте, ертеде бір ауданда ерекше екі ауылкөрші тұрыпты. Ерекшелігі сондай екі ауыл адамдары да еңбекқор, үлкені де, кішісі де сыйластығы мен адамгершілігі қатар жүретін халық екен. Екі ел күнкөрістерін жақсарту үшін бір істі қолға алуды ойластырады.
Ауыл ақсақалдары: “Жеріміз шүйгін, шұрайлы. Сондықтан егін ексек, құнарлы жерден мол, жақсы өнім аламыз. Егінмен айналысу керкек”- деді. Барлық ауыл адамдары келісіп, іске кіріседі.
Бірінші ауыл адамдары дәнді дақылдар мен көкөністер егеді. Олар тағы да ойласып егінмен қоса мал шаруашылығымен де айналысады.
Егіндері бітік шығып, мол өнім алады. Ауыл адамдары шыққан өнімнен түрлі тағамдар жасап, денсаулықтары күшейеді, хал- ахуалдары недәуір көтеріледі. Дәнді дақылдармен қоса төрт түлік өнімдерін де тамақ етеді. Айран, сүт, шұбат, қымыз өнімдерін сусын ретінде пайдаланады. Халықтың денсаулық жақсарып, тұрмысы түзеледі. Ел болып бірін- бірі қонаққа шақырады. Ән мен күй ойналады. Адамдардың өмірге құлшынысы артады.
Ал, екінші ауыл егін егу кезінде үлкен қателік жасайды. Олар есірткі өсіруді ұйғарады. Ауыл адамдары: “Егер есірткі ексек мол өнім жинап, қомақты қаржыға ие боламыз” - деп ойлайды.
Рас, олар мол өнім алды, сатып үлкен қаржы жинады. Бірақ ауыл жастары есірткіге тәуелді бола бастады. Жастар арасында бірін- бірі ұрып - соғу, жанжал күн сайын өрши берді. Үлкендердің ақылын тыңдаудан қалады. Денсаулықтары нашарлап кетеді. Адамдар азая бастайды. Сыйластық атаулы бұл елде жойылады. Үлкендердің күні уайыммен өтеді. Ел азып - тозады.
Мұны байқаған көрші ауыл адамдары көмекке келеді. Есірткі біткенді өртеп күлге айналдырады. Барлығын дәнді дақылдармен, мал өнімдерімен қоректендіреді. Қымыз, шұбат, айран, сүт ішкен жастардың денсаулықтары жақсара бастайды. Екі ел бірге егін егіп, мал бағып күн көреді. Елде сауда-саттық жүреді. Ел көркейе түседі. Балалардың шаттық күлкісі естіледі. Үлкені кішісіне қорған, кішісі үлкенін сыйлайтын үлгілі ел болады. Бертін келе екі ауыл бірігіп, үлкен қалаға айналады. Қаланың атын “Денсаулық елі” деп атап кетеді. Бұл қаладағы адамдар құнарлы тамақпен тамақтанатындықтан ауыратын адамдар мүлде болмайтын болған екен.
Мирас Асылбек,
Қызылорда облысы
Арал ауданы
Қосжар елді мекені
№67 орта мектебі
8 сынып оқушысы