Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Е. Арал аудандық сотының 27 желтоқсан 2022 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы К-ның пайдасына балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге міндеттенген. Е-ге сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, атқарушылық құжатты орындамаған. Нәтижесінде, борышкердің бүгінгі күнге алиментке қарызы 2 808 306 теңгені құраған.
Сот қаулысымен Е. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Арал аудандық соты
Сурет: Нұрболат Нұржаубай