Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін кінәлі деп танылды

Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін кінәлі деп танылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. Арал аудандық сотының 10 маусым 2021 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы Д-ның пайдасына балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге міндеттенген. А-ға сот орындаушысымен бірнеше мәрте атқарушылық құжатты орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, атқарушылық құжат орындалмаған. Нәтижесінде, борышкердің бүгінгі күнге алиментке қарызы 3 920 783 теңгені құраған.
Сот отырысында А. кінәсін толық мойындап, қаражаты болмағандықтан алиментті уақытылы төлей алмай жүргенін көрсеткен.
Сот қаулысымен ол аталған баппен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Арал аудандық соты

15 желтоқсан 2023 ж. 144 0