Сот денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл жазасын тағайындады
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108-1-бабының 1-бөлігімен айыпталған Н-ның қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.
Сотта анықталғандай, 29 қараша 2024 жылы ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, оның барысында сотталушы жұдырығымен әйелінің оң құлағының тұсынан және басынан ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушінің жауаптарымен, сараптама қорытындысымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Сот үкімімен Н. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 295 360 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
Арал аудандық соты