Есірткісіз болашақ
Кішкентай ауылда, әділет есімді бала болыпты.Ол ақылды, қайсар және үнемі әділеттілікті іздейтін болса болатын . Әділеттің ең жақсы досы Досбол екеуі күнде орманда ойнап ,қызықты оқиғаларды бастан кешіретін. Бір күні екеуі орманда ойнап жургенде ,қалың бұтаның арасынан Досбол қорап тауып алды. Қораптың сыртында «Арман қорабы сені бақытты қылады»- деген жазу бар еді. Досбол қорабтың ішін ашып, ішінен турлі-түсті ұнтақтар мен хош иісті шөптерді көреді.
-Бұл не болды екен?- деп сұрады Досбол таңданып.
-Бұны ауылға апарып, үлкендерге көрсетейік,-деді Әділет.
Бірақ Досболдың ойы басқа еді. Ол ұнтақты алып, қызық көрмек болады.Оны иіскеп көреді. Бір сәтте оның көзі шатынап, өзін ерекше сезіне бастады.
-Әділет, бұл тамаша нәрсе екен, сен де татып қөр-деді ол шаттанып.
-Жоқ, Досбол біз бұны білмейміз. Бұл қауіпті болуы мүмкін,-деді Әділет алаңдаулы түрде. Келесі күні Досбол әлгі қорапты жалғыз өзі алып, қайтадан орманға кетті.Ұнтақты пайдаланып өзін еркін сезінгісі келді.Бірақ уақыт өте келе оның жағдайы нашарлай бастады. Беті бозарып, көздері терең шұңқыр сияқты көрінеді.Ол енді бұрынғыдай ойнап күле алмайтын болды.Әділет досының өзгергенің көріп, қатты алаңдады. Ол Досболдан болған жағдайды айтуын сұрады.Сонда Досбол қораптағы затты қолданғанын мойындады. Әділет досын қатты уайымдап, құтқарғысы келді. Ол ауыл ақсақалына барып, бәрін айтып берді. Ақсақал Әділетке:
-Балам,сен дұрыс істедің. Бұл-есірткі деген зат. Ол адамдарды өзіне тәуелді етеді, бақытты өмірін бұзады. Біз досыңды құтқарумыз керек- деді.
Ақсақал ауыл тұрғындарымен жиналып, Досболға қөмектесу үшін арнайы дәрігер шақырды. Досболды емдеу үшін ұзақ уақыт қажет екенін дәрігерге мәлімдеді. Уақыт өте келе Досбол сауығып кетеді. Досбол өз қателігін түсінді. Ақырында ол қайтадан бұрынғыдай қалпына келіп жақсы өмір сүре бастады. Әділет пен Досбол осыдан кейін ешқашан күмәнді нәрселерге жоламайтын болды. Олар шынайы бақыт қорапта емес жақындарымен өткізген уақыт және жүректегі адалдықта деп айтты. Осылайша Досбол есірткі деген зұлымдықты ұмытып, одан аулақ жүруді үйренді. Содан бері ауыл балалары әр-іске мұхият болды. Есірткі-ол адам өміріне кері әсер беретін ұнтақ.
Айару РУСЛАНҚЫЗЫ,
№60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектебі
6 сынып оқушысы
Сазды ауылы