Есірткі еліндегі балақайдың оқиғасы

– Бұл бәрі өтірік! Есірткі тек алдайды, біз бұл жерден кетуіміз керек, – дейді.Айданның айтқанын тыңдаған Асыл тұманның ең түбіне дейін барып, оның нағыз пішінін көреді. Қара тұманның артында кішкентай, бірақ өте қатыгез айдаһар жасырынып тұр екен. Айдаһар адамдардың өмір қуанышын жеп, оларды тек көлеңкеге айналдыру үшін бәрін істейтін.
Асыл батылдық танытып, айдаһарға:– Сенің бізді алдайтын уақытың бітті! Біз өзіміздің өмірімізді өз қолымызға аламыз! -деп айғайлайды. Сол кезде Асыл мен Айдан тұманнан шығып, ауылға оралады. Олар ауыл тұрғындарына көргендерін айтып береді. Барлығы есірткінің шынайы зиянын түсініп, оны ауылынан біржола қуып шығады. Содан бері бұл ауылда ешкім есірткіге алданбайтын, себебі олар өмірдің шынайы бақытын бірге тапқан еді.
Аяла АЛПЫСБАЕВА,
№64 орта мектебінің оқушысы
Аяла АЛПЫСБАЕВА,
№64 орта мектебінің оқушысы