Емші мен есірткі
Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Алтай өлкесінде Ертайлақ деген ел билеген хан болыпты. Ханның бір ерекшелігі өз халқына тек шөпті өсімдіктерден жасалған дәрі- дәрмектерді ғана тұтындырады екен. Оны дайындайтын хан сарайының арнайы дәріш- емшілері де болыпты. Бір күні әлгі дәруіш ен даланы кезіп емдік қасиеті бар шөптерді теріп жүріп, сыртқы тұрқы өзгеше бір өсімдікке көзі түседі. Бұрын-соңды байқамаған бұл өсімдіктің иісі де мүлдем басқаша екенін ол сезді.
Сөйтіп аты беймәлім өсімдікті үзіп алып үйіне әкеледі. Ондағы өзгеше иістің сырын білмек болып, шөпті иіскей бастайды. Сол кезде емші тыныс жолына енген иістің сәлден соң әсер ете бастағанын сезе бастады. Алғашқыда мұны жақсылыққа жорып, үсті-үстіне иіскей бастайды. Өн бойын өзі билей алмай, дәруіш өзгеше күйге енеді. Жан-жағындағы дүниені ұмытқандай, басқа әлемге енген жандай көңіл күйі көкте шарықтайды. Осылайша емші сол шөпке тәуелді болып қалады және бұны жанында жүргендерге ұсына бастайды. Оның ұсынысын қабыл алып, қолдана бастағандар да тәуелді болып қалады. Бұл шөпті тапқан емші енді шөпке деген сұраныстың көбейгенін байқап, пайда табуға тырысады.
Сөйтіп өз "өнімін" саудаға салады. Өзге тұтынушылар ес шығарып,бір сәт қызыққа бөлер құдіреті бар "асыл шөптің" арбауына түсіп қарызға кіре береді. Ақыры ел арасында ауыл азаматтарын арбаған шөп туралы қауесет тарай бастайды. Дәл осы кезде хан да «асыл шөп» туралы естиді. Алайда ол шөптің кесірінен адамдар қарызға кіріп жатқанын, тәуелді болғанын, өмірлерін құртып жатқанын біледі. Хан осы оқиғаға себепкер болған емші-дәруішті ел арасына есін алаып есіртер дәрі таратқаны үшін жазалайды да, мұнан былай бұл шөпті қолданған адамның жазадан құр қалмайтынын қатаң ескертеді. Осы оқиғадан кейін әлгі шөпті Ертайлақтың елінде ешкім тұтынбайтын болыпты.
Мерей НАУРЫЗБАЙҚЫЗЫ,Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясының
7 “А» сынып оқушысы