«Мен сені сүйем, өмір» атты қайырымдылық концерті өтті

Қайырымдылық шараға оқу орнының талантты жастары қолдау көрсетті. Өнерпаздар сахнада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кеш қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлады.
Концерттен түскен қаржы әнші Азамат Құрманбекұлының еміне, сонымен қатар анасының көз жанарын емдеуге жұмсалады.
Азамат Құрманбекұлы концертті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен университет ұжымына және рухани-материалдық қолдау көрсеткен барша қайырымды жандарға алғыс білдірді.
