Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөбекжай қызметкерлері қайырымдылық кеш өткізді

Бөбекжай қызметкерлері қайырымдылық кеш өткізді

Жақсылық жасау қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиет. Бабалар дәстүрінен бастау алған ізгі амалдарымыз сан ғасыр өтсе де өз қадірін жоғалтпай келеді. "Сартай" бөбекжайы ұжымының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде "Адамның бір қызығы бала деген" атты қайырымдылық концерті өтті.

Қайырымдылық концертінің мақсаты Рахатқызы Ақниет пен Сағымбаева Нұршаттың кезекті еміне көмек беру. Кеш барысында ұжым қызметкерлері ән айтып, би билеп, әзілді көріністер көрсетіп көрерменге шат көңіл күй сыйлады. Бұл кеште бөбекжайда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер де өз өнерлерін ортаға салып көптің қошеметіне бөленді. Осылайша қайырымдылық концерті өз дәрежесінде өтті. Шараға қатысқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Алия Құдайбергенова, аудандық әскери зейнеткерлер қоғамының төрағасы Жұқабаев Жақсыбай ағай, "Арал мейірімі" қоғамдық қорының төрағасы Қаражанов Әбілхайыр лебіздері мен ыстық ықыластарын білдірді.

Шара соңында жиналған қаражат мұқтаж жандарға табысталды.
24 ақпан 2020 ж. 1 361 0