Адал еңбектің жампозы
Былтыр ауа-райы май тонғысыз, жауын-шашын мол болғандықтан ба екен, күзгі салым Баршақұм өңірі қара отқа оранып тұрды. Малдың қоңының толықсуына күзгі жауын суымен қайта көгерген төбе етегіндегі шөптердің түбінен өсіп шыққан, өскіндердің септігі тиіп, қарашаның аяғына дейін көгеріп тұрды. Әнеубір жылдары жазғы уақытта шөп шықпай қалып, шөптің буыны қатқандықтан шілде айында-ақ сарғайып, жапырақтары кеуіп қалған болатын. Өткен жылы дала реңі өзгеше болып, мың сан шөптің бояуы қашпай, табиғат ананың нәрі мол болды.
Бүгінгі біздің сапарымыз Тоқабайдағы Төрехан Бердімағамбетовтің шаруа қожалығына барып, тыныс тіршілігімен танысу. Қазіргі күні екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға үлгі болсын деген ниетпен «Қуаныш» шаруа қожалығына қарай жол тарту сапарымыздың сыры осы болатын. Ауылдың оңтүстігіне қарай тартылған электр бағаналарының жанындағы сүрдек жолмен жүре отырып, әңгіме қызығымен машинамыз биіктен биікке өрлей отырып, бір төбеден бір төбе асқанымызда «Қуаныш» базына келіп тірелгінімізді де аңдамай қалыппыз. Ақшаңқан қазіргі талапқа сай салынған жаңа үй алыстан көрініп менмұндалайды, бүгінгі тұрмыс-тіршіліктің өзгергенін таңбалап тұрғандай. Өз қаражаты есебінен 2012 жылы Тоқабай-Шакен бағытында тартылған бағаналарынан тартылған электр желісі (кернеуі 380в), тұрмысқа қажетті барлық заттар, газ, телевизор, интернет желісі, жарық шамдары, т.б. заттар малшы ауылдағы тіршіліктің қала тұрмысынан бірді-бір кем емес екендігін айғақтайды. Тек қана еңбек ете білу керек. Біздің санамызда малшылардың үйі дегенде, көз алдымызға бұрынғы Кеңес кезеңінде салынған қақыра үйлер мен түзгіннен тұрғызылған қоралар елестейтін.
Қызу еңбектің көрінісі, таң шапағымен малдарын өріске өрбіткен Батырханның құтты өкпек жолаушыны көру бойына жетіп келгені. Түсі өзгеше жігіт ағасы еңбек майданында шыңдалып, шырайлана түскен. Бойындағы бар қажыр-қайраты атадан дарыған күш-қуатпен, қанмен берілген қасиетпен, бала-шағасының нәпақасын табуға, сол үшін бар ниетін мал бағуға сарп етуге бекінген сыңайлы.
– Бағар көбейсін, – дедік біз амандасып болып.
– Алейкумассалам, әмин, – деді өткір желден жүзі сәл тотыққан шаруа қожалығының иесі.
Биесауым уақыт тілдескенімізде, «Қуаныш» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігі мен табыстары жөнінде біршама мәліметке қанық та болып қалдық. Біздің келгенімізді көрген, ел ырысын толағай табысымен молайтуға ат салысып жүрген, жақында мемлекеттік награда алған Төрехан Бердімағамбетов пен жұбайы Айнаш Жанұзақова жүздері бал-бұл жанып, арсалаңдап алдымыздан шықты. «Мынау өмірдегі бақыт – адамның пешенесіне жазған несібесін қолынан келер іспен айналысқаны» деп қояды. «Малды баға білмеген, пайданы таба білмейді» деді жолсерігім Шаңбай бір ауыз сөздің астарына мақалды қара нарға жүк болатындай мағынаға сыйғызып.
Халқымызда «Еңбек ширатады, өмір үйретеді» деген мақал бар. Расында, биік мақсаттарды көздеген кісінің ғана нақты жетістіктерге жететіні сөзсіз. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – жыл қорытындысымен Ел Президентінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алған Төрехан Қуанышұлы Бердімағамбетов. Ол 1960 жылы Арал ауданы Тоқабай ауылындағы «Қыздаршыққан» деген жерде дүниеге келген.
Тоқсаныншы жылдардың соңында ел нарықтық қатынасқа көшіп, жаңа заман өз заңдылықтарын әкеліп жатқан тұста шаруа қожалықтарын құруды ұйғарған. Қазақстандағы ауыспалы өзгерістер процесі және оған байланысты болып отырған әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар халықтың тұрмыс деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Осы тұста аудандағы кеңшарлармен қатар Жіңішкеқұм кеңшары да тарап, ауыл тұрғындары әбігерге түсе бастады. Бұл бір сонау 1927-30 жылдардағы Кеңес өкіметінің ұжымдастыру кезіндегі байлардың, орташалардың малдарын тартып алып бір орталыққа жинау саясаты сияқты, соған қарама-қарсы процесс жүргізілді. «Үкімет өлтірмейді, өзі асырайды» деген түсіністікпен күн кешкен халық не істерін білмей сансырап қалды. Ауыл тұрғындарының екі құлағы кеңшардың конторына барған адамдардан «нендей жақсы жаңалық болар екен ?», деп алаңдауымен болды. Нарықтық қатынастарының заңына түсінбей қалып, абдырап қалғаны да шындық. Кеңшардың малдарын әрбір жанға пайыз есебінен бөліп беріп жатты. Кеңшарды басқарғандар мен қолында мөрі барлардың осы кезді тиімді пайдаланып «екі асағандары» да шындық.
Ақыры 6-7 жылдың ішінде кооперативтер тарап, «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетіп, жеке қожалықтар мен шаруашылық құрғандар, қолында барын ұстап қалды. Бұл факторлардың әсері біртіндеп ауыл шаруашылығының экономикалық тұралауына және әлеуметтік құлдырауына алып келді.
Нартәуекел етпеске болмайтын көрінді, – дейді кейіпкеріміз, – тұс-тұста жаңа түсініксіз заңдармен шаруасын ұйымдастыратын құрылымдар ұйымдастырыла бастады. Жұмысты бастап кететін қаражат қоры да, материалдық база да ескірген. Әкем, Қуаныш Бердімағамбетов ұзақ жылғы қажырлы еңбегінің арқасында 1984 жылы «Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атанды. Бала күннен бергі 45-50 жылдық еңбегінің ақысына алғаны – ұзақ жыл қыстаған «Қыздаршыққан» базы мен күркілдеп өз денесін өзі әрең көтеріп жүрген көне трактор, 40-50 бас қыстан әрең шыққан қой, 3-4 бас малдың соңында жүрген жауыр жылқы, «совхоздың бақырауық атанындай» деп айтыс ақындары сайысында айтылатын өлеңдегі 1 бас атан, 86 гектар шабындық, бала-шағасының (12-15 жан) пай есебінде берілді. Міне, біз шаруа қожалығын құруды осылай бастадық.
Күн сайын сығырайған май шамның жарығымен, әкеммен бірге оң-солымызды есептеп қоямыз да, бар мүмкіндігімізді таразы басына тартып болашаққа жоспар құра бастадық. Төрт түлік малдың қайсысы тиімді екенін ой-елегінен өткізе бастадым. Әкем де зейнеткерлік демалысқа шыққандықтан, негізгі басқаруды өзіме арта бастады, – деп Төкең бір жамбастай отырып, әңгімесін сабақтай түсті. – Қазір ойласам қарасам, біздікі жүрек жұтқандық, тәрізді, – деп әңгіме желісін арғы бір тарихтан бастағанды жөн көріп, ыңғайлана бастады.
Оған себеп, алты-жеті жас шамасында атасы Бердімағамбеттің қасында көмекші бола жүріп, көнеден қалған тарихи, мәдени, салт-дәстүр, шежіре туралы салиқалы әңгімелерді көп естіп өсті. Есте қалған әңгімелерін айта отырып, ол өзінің ата-баба кәсібі қойшы таяғын қалай ұстағаны туралы, бұл кәсіпке қалай келгені жайында өрбіді.
Менің әкемнің әкесі, атам Бердімағамбет өзінің естелігінде сонау 20-30 жылдардағы аласапыран кезеңде көп қиыншылықтар көріп өсіпті. Туа бітті бір аяғы әспеден ауырып шікарасы болған. Міне соған қарамастан, заманның аласапыран қиын кезеңдерінде Қазалы қаласындағы ет дайындау пункті жанынан кішігірім тірек (ларек) ашып, малдың ішек-қарны мен бауырларынан тұшпара, бұжы, кәуап дайындап келушілерге пісіріп сатып отырған. Келушілердің көбісі малдарын өткізгеннен кейін ауылдарына сатқан малының ақшасына керек-жарағын алып қайтып кетсе, малын бірге айдап келгендері қаладан нәпақасын табуға қалып қойған. Ауылдан аш-жалаңаш жүргендендері қалада ішерге ас таба алмай, базар маңын жағалап жүрген. «Олардың арасында көбінесе ересектерге жас балалар да еріп келіп қалатын» дейтін. Атам, міне, осындай аш-жалаңаш қалғандарды ұйымдастырып, жатын орын ұйымдастырып, қамқорлығына алып, келген малдың жем-суын бергізіп, астын тазалау жұмыстарын жүргізген. Соның арқасында көбісі аштықтан аман қалып, атамның баласы болып, аяқтан тұрып кеткендері болған. Мен есейген кезде, аты-жөндері есімде жоқ, әкеме келіп «Мен де осы үйдің бір баласымын» деп, әкеме базыналық жасап, үйде аунап-қунап бірнеше күн жататын кісілерді көзім көрді. Сол отызыншы жылдардың орта тұсында, Үкімет мал базарын жағалап жүрген жас балаларды ұстап алып, Қазалыдағы балалар үйіне тапсырып отырыпты.
1941 жылы соғыс басталғаннан кейін ауылдағы еңбекке жарамды адамдарды түгелдей соғысқа ала бастаған. Бердімағамбет атамды әдепкіде мүгедектігіне байланысты соғыстан қалдырғанымен, келесі жылы тыл жұмысына адам жетпеуіне байланысты Орынбор қаласындағы шыны зауытына алып кетеді. Осы кезеңде Аралда да шыны зауытын істеу қолға алынып жатқан болатын. Зауытта майдан мұқтажына деп қару-жарақ түрлері мен түрлі ыдыстар дайындалған. Ел бойынша сол кездері «Стахановшылар қозғалысы» қолға алынып, атам бірнеше норманы жоспардан тыс асыра орындап, ұжымның алғысына бөленіп отырған. Ауылдағы кезіндегі аспаздық өнері де зауытта жүрген кезінде іске асып, мекеменің басшылығы, докторы көп көмек қолын созған. Ол кезде жақсы жұмыс істегендерді қысқа мерзімде еңбек демалысын беріп ауылдарына жіберіп алатын. 1943 жылы ауылға демалысқа келгеннен кейін денсаулығы сыр беріп жатып қалады. Әскери комиссариат берілген шақыру қағазы бойынша іздеп, тауып алып әскери трибунал бойынша 5 жыл бас бостандығынан айырып «Аралсульфаттағы» жер аударылған шешен-ингуштар тұратын түзету мекемесіне жібереді. Осында 1948 жылы босап келгеннен кейін, Үкіметтің мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес «Нұршадағы» ата қонысынан Баршақұмда мал өнімдерін дайындау үшін қоныс аударады. Міне, осы жылдардан бастап баласы Қуаныш екеуі мал бағу кәсібімен айналыса бастайды.
Жоғарыда атап өткендей, әкем Қуаныш Бердімағамбетов Арал ауданы бойынша сонау 1948 жылдардағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мал шаруашылығы саласында «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған аралдық 16 еңбек ерінен кейінгі мал шаруашылығы саласындағы жоғарғы көрсеткіші үшін 1984 жылы «Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атағына ие болған азамат, – деді ол.
Бұл атаққа аудан бойынша сол кездегі балық шаруашылығындағы жоғарғы көрсеткіші үшін ақеспелік Нарғали Демеуов екеуі ғана ие болған еді. Осы атағының өзі Қуаныш ағаның кім болғанын айтып тұрған жоқ па? Қуаныш ағаның ерен еңбегі туралы өлкетанушы Ү.Қуатовтың «Ғибратты ғұмыр» атты кітабында жан-жақты баяндалып өтеді.
Қоғам дамуының негізі ауыл екені белгілі. Ауыл дегеніміз, сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары екені белгілі. 1980 жылы әскерден келе сала бірден ата кәсібіне ден қойып әкесі Қуаныш ағаның бірден көмекшісі болуға бел байлады. Ауылдың саф ауасымен тыныстап өскен азамат, кейбір ауыл жастары тәрізді қаланың қым-қуыт тіршілігіне қарай жүгірмеді.
«Ердің атын еңбек шығарады» дейді аталы сөзге тоқтай білген атам қазақ. Бүгінгі кейіпкеріміз де бала күнінен еңбекке ерте араласып ақыл парасатымен көпшілікке үлгі бола білген жайсаң жан. Төрехан асыл тұқымды ақ бас сиырына қоса, түйе, жылқы, қой өсіріп, игілігін көріп отырған, өзінің маңдай тер еңбегінің арқасында шаруасын шалқытып отырған жандардың бірі. Төреханның қиындығы бір басқа жетіп артылатын мал өсіру ісімен айналысып жүргені көңілімізді қуантты. Осы уақытқа дейін шаруашылықтың жұмысы бір жүйеге түскен. Малдың саны жыл сайын артып келеді. Мұнда ақ бас тұқымды ірі қара малы, жанға жайлы қыстық үйі мен аула-қорасы, жылыжай, ауылшаруашылығына қажетті техникалар да бар. Мұның бәріне Төкеңнің ақ адал еңбегінің арқасында қол жеткізіп отыр.
«Қуаныш» шаруа қожалығымен танысқанымызда мемлекетіміз ауыл шаруашылығына, оның ішінде малшаруашылығын дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Малды бағу оңай шаруа емес, оларды қарап, баптап отыру керек. Уақытылы вакциналарын алып, ветеринарлық құжаттарын толтырып, түгендеп ұстап отыруды қажет етеді.
Мал санын жылдан-жылға өсіріп келемін. Ауыл шаруашылығына арналған көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Біздер үшін мемлекеттен берілетін көмектің пайдасы зор. Бүгінгі таңда төрт түліктен 250 бас ет бағытындағы ақбас сиыр, түйе, жылқы, қой өсіріп отырмын. 10 жыл көлемінде аудандағы жеті балабақшаға жыл сайын 2-2,5 тонна сапалы ет өнімін өткізіп отырамын. Қазір сырттан үш жұмысшым бар, өзімнің үш балам, зейнеткерлікке шықсам да жұмыстың бір жағын алып жүруге өзім де жарап тұрмын. Шаруашылықты басқаруды балама бердім. Ол қарауындағы 8 жанға еңбекақыларын уақытылы беріп тұрады. Өзім оларға айлыққа қосымша ет беріп, азық-түліктерін, өзге де қажеттіліктерін уақытылы жеткізіп тұрамын. Мал бағатын адамның жағдайын жасамасаң еңбек алға баспайды, – дейді ол.

«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, атасы Бердімағамбет пен әкесі Қуаныш ақсақалдың жолын қуған Төрехан шопандар әулетінің еңбек жолын жалғастырушы, өмір сабақтастығын жалғастырып келе жатыр. Бердімағамбетовтер әулеті сабақтастығының мал шаруашылығындағы еңбек өтілін есептейтін болсақ, 255 жылды құрайды екен. Осындай әулет еңбегі үшін құрметтен де кенде емес.
2016 жылы мамыр айында өткен 2-ші облыстық малшылар слетінде «Малшылар династиясы» бойынша ІІ дәрежелі диплом иеленді. «Рухани жаңғыру» жылы аясында Қызылорда қаласында Еңбек сабақтастығы форумы Бердімағамбетовтер отбасының мал шаруашылығындағы еңбек өтілі 250 жылды құрағаны атап өтіліп, диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2018 жылы Тоқабай ауылында «Еңбегі ерен ер тұлға» атты Қазақ КСР-інің мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қуаныш Бердімағамбетовтің 85 жасқа толуына байланысты мерейтой өткізіліп, ғылыми-танымдық конференция, ауылдың кіре берісіне Қуаныш Бердімағамбетовтің бюсті қойылған гүлзар, №248 орта мектепке музей бөлмесі, ұлттық ат спортынан бәйге, еңбек ардагеріне арналып құран бағышталды. Міне, осының бәрінің басында ұйымдастырып Төрехан жүрді.
«Тектіден текті туады, тектінің жолын қуады» деп атам қазақ айтқандай, ол жыл сайын мектеп оқушыларына арнап оқу құралдарын алып беру, ауылдағы мұқтаж жандарға қол созу, ауыл көлеміндегі түрлі мәдени іс-шараларға көмек беруді өзінің борышы санайды.
Алдағы уақытта үлкен мақсатымыз – шаруашылықты әрмен қарай дамыту, сондай-ақ асыл тұқымды малдың санын арттыру. Мемлекет тарапынан да қандай да бір қолдау болса, кәсібіміз бұдан әрі жанданар еді, – дейді кәсіпкер.
Осындай еңбек майданында бала күннен бергі жанындағы сүйген жан жары Айнаш жүреді. Ол да көпбалалы отбасынан, шопандар әулетінен шыққан. Ол үйдегі немерелердің тәрбиесіне барлық уақытын арнаған салиқалы ұрпақ тәрбиелеп отырған әже. Өзінен өрбіген 3 ұл, бір қызы жоғары оқу орнын бітіріп, мамандық иесі болып шаңырақ көтерді. Астанадағы кенжесі Мейрамбектің биылғы жылы ветеринария саласын бітіріп келіп, осы шаруа қожалығын онан әрі өрістететіне сенімі мол. Қолдары ұзарып, келін жұмсап балаларының болашағына сүйсінген ата-ана осылайша еңбек жолында тіршілігін жалғастырып жатыр. Мал басын өз төлі есебінен көбейтуді, өнімдерінің сапасын молайтуды көздеген шаруа қожалығының алда алатын асулары әлі алда. Мал басын асылдандыру – ауыл шаруашылығын дамытудағы басты міндеті. Әрине, мұндай нақты жоба болса, үкімет қолдайды.
«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» демекші, еңбек етіп, мақсатқа жеткен жанның шаруасы шалқып, несібесі артатыны белгілі. Облыс әкімінің оның төсіне «Ерен еңбегі үшін» медалін тағуы, қарапайым еңбек адамының еңбегін бағалаудың бір нышаны деп бағалаймыз. Еңбегің еселене берсін деген ақ тілегімізді жеткіздік.
Ендеше, біз де бейнеттің зейнетін көріп, адал еңбегінің ақ майын татып отырған «Қуаныш» шаруа қожалығының жұмысы көпшілікке үлгі етуге тұрарлық дейміз.
Болатбек ҚУАТОВ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі