Табиғатты қорғау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739337000_3.jpg)
Арал өңірі бұрынғыдай балық өндірісінің орталығы ретінде қайта жанданса, бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия экожүйесі үшін де пайдалы болмақ. Бұл үшін халықаралық қауымдастықпен бірлесіп, экологиялық жобаларды қолдау, жаңа технологияларды енгізу және су ресурстарын тиімді пайдалану өте маңызды шешімдер деп білемін. Егер мемлекет тарапынан осы қарқынмен жыл сайын теңіз деңгейін көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілсе, бұл экологияға да, халықтың өміріне де үлкен оң әсерін тигізері сөзсіз. Теңіз суының көбеюі тұзды дауылдардың азаюына, жердің құнарлылығының артуына, ауа сапасының жақсаруына ықпал етеді.
Табиғатты қорғау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Егер біз бүгін Аралды қалпына келтіруге бар күшімізді салсақ, болашақта өңіріміз теңізімен қайта гүлденіп, туристер көптеп келетін аймаққа айналады деп ойлаймын.
Мұхамбедиев Жаңатай
Балық шаруашылығының ардагері