САРАТС ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕН КҮТЕРІМІЗ КӨП

Ата-бабалырымыз балықшы болған. Сол ізбен ата кәсібіміз – балық шаруашылығы саласында жұмыс істеймін. Арал теңізінің тартылуына байланысты қиындықтар туындады. Ал, қазір Кіші Арал теңіз көлемі ұлғайып, бір жағынан Арал қаласына жақындап қалды. Бастысы, балықшы қауымның жұмысы жанданып, жақсы дәрежеде жұмыс істеудеміз.
Теңізіміз орнына келіп, қуанышқа кенеліп, балықшылардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, жақсы жаңалықтарға ие болып жатырмыз. «САРАТС» жобасының екінші кезеңі басталады деген хабарды естіп, біз балықшы қауым өте қуаныштымыз. Бұл жобадан үміт мол, балықшылар қауымы болып, жалпы ел-жұрт болып, жақсы-жақсы игі істерді күтеміз.
Нұртай ӘБЕНОВ, Арал ауданындағы «Жамбыл» өндірістік кооперативінің балықшысы, III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері.
kyzylorda-news.kz