Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМ НАЗАРЫН АРАЛҒА АУДАРА БІЛДІ

ӘЛЕМ НАЗАРЫН АРАЛҒА АУДАРА БІЛДІ

Сол уақыттағы ең қуатты Кеңес Одағы тарап, Қазақстан өз алдына егемен ел болып шыққаны қаны қазақ әрбір азаматты қуантты. Бірақ көңілде үлкен күдік тұр. Ол – ел болашағы қандай болмақ деген сауал еді.
Рас, тәуелсіз ел атанғанымен мемлекеттік құрылымды қайта қалыптастыру аса күрделі жұмыс. Бейбітшілік дейтін бақытқа қол жеткізгенімен күндер өте келе тарих сахнасынан жойылып кеткен елдерді жоққа шығара алмаймыз.
Міне, осы қателік қазақ тарихында орын алмау үшін не істеу керек? Әлбетте ел басқаратын білікті басшы таңдау қажет болды. Алғашқы қадам да соған бағытталып, ел Президентін Сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау қорытындысымен Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.
Халықтық таңдау жасалды. Таңдаудың артында халықтың үлкен сенімі жатты. Ал сол сенімнің қаншалықты ақталғанына уақыт куә етті. Дамыған елу елдің қатарынан ойып орын алған бүгінгі Қазақстанның алғашқы отыздыққа ену жолындағы мақсаты да, бағыты да айқын.
Хош. Менің айтпағым кемеңгер көшбасшының Аралға жасаған қолдауы болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласындағы: «Нұрсұлтан Назарбаев ғаламдық жылыну мәселесіне де бейжай қарамай, әлем назарын Орталық Азияның ғана емес, адамзаттың бас ауруына айналған Арал проблемасына аударды. Өйткені теңіздің құрғаған табанынан ұшқан тұз солтүстік жарты шарға жеткен болатын.
Бүгінде кіші Аралдың арнасы толып, тұздылығы азайып, балық шаруашылықтарына қайтадан қан жүгірді, теңіз табанынан көшкен құмды тоқтату үшін үлкен аумаққа сексеуіл ормандары егілуде» деген жолдарынан Елбасының теңіздің, Аралдың тағдырына деген қолдауы қаншалықты зор екенін анық байқаймыз.
Сол қолдаудың нәтижесінде тұралап қалған балық шаруашылығы қайта жанданып, бүгінде республика көлемінен бөлек алыс-жақын шетелдерге балық өнімдерін экспорттап отырмыз.
Ә. Әйімбетов,
«Арал СДО» ЖШС атқарушы директоры
03 шілде 2020 ж. 644 0