Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада есірткіге қарсы көрме өтті

Қызылордада есірткіге қарсы көрме өтті

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, оларды есірткіні қолдану мен таратудан тыятын көрнекі үгітті ұдайы жүргізетін облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бұл жолы оқу орындары арасында есірткіге қарсы үздік көрме байқауын ұйымдастырды.

Көрмеде есірткіге қарсы суреттер, плакаттар, қолөнер бұйымдары, үгіт парақтары, парақшалар мен буклеттер, кітаптар, брошюралар мен баннерлер көрсетілді. Қатысушылар осы арқылы денсаулықты жастай күтіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Суреттер мен қолөнер бұйымдары жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жарқын өмірге қызығушылығын арттыруға ықпал етсе, ал ұсынылған кітаптар мен брошюралар, үгіт-насихат парақтары, есірткіні қолдану мен таратудың жағымсыз салдары туралы баян етеді.

Комиссия шешіміне сәйкес он қатысушы үздік деп танылды. Жаңақорған ауданындағы №289, Шиелідегі №50, Қазалы ауданындағы №226, Арал ауданындағы №292 орта мектептер мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жеңімпаздар қатарынан табылды.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: egemen.kz
19 ақпан 2025 ж. 42 0