Өмірге - «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!

Есірткіні таратуға қарсы күрес шаралары жүз жылдан аса үздіксіз жүргізіліп келеді. 1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 26 маусым — «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні»- деп белгіледі.
Адамға берілген құндылық – өмір болса, сол өмірді дұрыс сүру, тәрбиелі ұрпақ өсіріп, елге адал қызмет ету маңызды болып қала бермек!
Мен Қазақстанның жастарын:
– есірткіге қарсы іс-қимыл жалпы ұлттық қозғалысының өзегі болуға;
– есірткіге қарсы халықаралық қозғалысты қолдауға;
– Қазақстанның мықты негіздерін нығайтуға бар күш-жігерін салуға, салауатты өмір салтын сақтауға шақырамын!
Мен «Өмірге - «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!» деген ұранды алға тартамын!
Қазақстанның болашағы біздің қолымызда!
Еркежан ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,
8 «А» сынып оқушысы