Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 2 сәуір

Жұлдыз жорамал: 2 сәуір

Тоқты
Табысты күн. Өзіңізді жақсы қырыңыздан танытып, жаныңыздағы адамдарға өзіңіз туралы жағымды пікір қалыптастырасыз. Ақшаңызға абай болыңыз. Қарызға бермеңіз. Көп шығындалып қалудан сақтаныңыз.
Торпақ
Бүгін қуанасыз. Өзіңізді мақтан тұтып, жеңістеріңіз туралы айтып мақтанатын боласыз. Сіздің табыстылғыңыздың сырын білгісі келетіндер көп. Бірігіп жұмыс жасағысы келетіндер ұсыныс та жасайды. Бүгін қонақ күтетін күн.
Егіздер
Қолға алған әрбір ісіңізге мұқият болыңыз. Ойланбай жасаған қадамдарыңыз қиындық туғызады. Бағалы бұйымдар, құжаттар және қаражатыңызға сақ болыңыз. Жоғалтып алу қаупі бар. Ескі достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз.
Шаян
Алыстан хабар келеді. Оның қаншалықты маңызды екенін кейін түсінетін боласыз. маңызды шаруалар мен өз жауапкершілігіңізге алған кездесулерді түскі уақытқа белгілемегеніңіз жөн. Кешке қарай айналаңыздағылармен тіл табысуыңыз оңай болады.
Арыстан
Сәтті күн. Қызықты ұсыныстар түсіп, өз ісіңізге қатысты пайдалы кеңестер аласыз. Сонымен қатар кейбір жандар қызметтік сатыда жоғарылайды. Өз ойларыңыздан, жоспарларыңыздан бас тартпаңыз.
Бикеш
Айналаңыздағылармен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Өзіңізге қымбат жандармен ашық пікірлесіп, өз ойыңызды жеткізесіз. Сондай-ақ бұрын кикілжіңде болған жандармен тіл табысасыз.
Таразы
Бүгінгі күн сіз жоспарлағандай болмайды. Сондықтан барлық жоспарыңызды өзгерткеніңіз жөн. Бірақ оған бола еңсеңізді түсірмейсіз. Ескі достармен хабарласып қойыңыз. Олар өздерінің қызықты ақпараттарімен бөлісетін болады.
Сарышаян
Көп істе табысқа қол жеткізуге болады. Жаңа іс бастамас бұрын, бұған дейін қолға алған ісіңізді аяқтаңыз. Шешім қабылдар кезде өзгелердің ақыл-кеңесіне құлақ түргеннен гөрі, өз ақылыңызға жүгініңіз.

Мерген
Тез қимылдаңыз. Барлық жағынан да үлгеруіңіз керек. Көп меселенің түйінін жүгіріп жүріп шешесіз. Өйткені уақыт тапшы. Кейбір мәселелерді шешуде ескі таныстарыңыз көмек көрсетеді. Ал маңыздыларына өзіңіз бас қатырасыз.
Тауешкі
Күтпеген жаңалықтар болады. Сондай-ақ бүгін сізді қызықты тосынсыйлар күтіп тұр. Кейбір шаруалар мен кездесулерді кейінге қалдырасыз. Алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер шығып, оларды пайдалануға тырысасыз.
Суқұйғыш
Асықпаңыз. Туындаған кикілжіңдерді шешіп, бастаған істі соңына дейін жеткізіп, көптен бері мазалап жүрген сауалдарға жауап табасыз. Маңызды жұмыспен айналысасыз. Жаныңызда көмекшілеріңіз көп болғаны дұрыс.
Балықтар
Табандылық танытсаңыз, табысқа қол жеткізесіз. Табысқа жету кезінде өз жолыңызбен жүріңіз. Өзгелердің мықты тәжірибелерінің өзі сізге сәттілік әкелмеуі мүмкін. сондықтан мақсатқа жету үшін өз жолыңызды таба біліңіз.
www.qazbrand.info
02 сәуір 2019 ж. 1 788 0