Ерте жастан берілген тәрбие есте қалады

Иә, бағдарламаның негізгі мақсаты да сол. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу болып отыр. Ата-ананы құрметтеуге, отбасы бірлігі мен татулығын бағалауды, ұлттық мұраны қастерлеуге, мемлекеттік тілді және рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке баулуды, адалдық, жауапкершілік, мейірімділік және әділдік сияқты қасиеттерді дамытуды, салауатты өмір салтын ұстануды, денсаулықты бағалауды, өзге де тұлға бойындағы ерекше қасиеттерді қалыптастыруды міндеттейтін бағдарлама аясында бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде балабақшалар жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Балабақшадан бастап ұлттық тәрбиені бойына сіңірген ұрпақ келешектің кемелденуіне жол ашады. Тіл тәрбиесі, дәстүр мен әдет-ғұрып, ән мен күй, ұлттық ойындар, шежіре мен тарихты ерте жастан есіне құю ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың негізгі жолы болмақ.
Иә, жоғарыда айтқанымыздай елдегі елеулі өзгерістен, жаңашылдықтан, өткен мен бүгінді байланыстыратын тәрбие бағытынан біздің балабақша да қалыс қалып көрген емес. Қазірде балдырғандарға бағдар беріп, осы бастан елдің ертеңі өзгерінің қолында екенін үйрету мақсатында ауқымды жұмыстар істеліп жатыр. Өйткені бұл біздің міндетіміз. Ұлттық тәрбиеге негізделген білім – өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп, елдің дамуына үлес қосады.
Жайна ӘБУБӘКІРОВА,
"Ақбота" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі