Наурыздың басында ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері батыс аймақтарға циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауып, боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
2 наурызда республиканың солтүстік-батысында қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.Ауа температурасы:
- Батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте түнде -8...-23°C;
- Шығыста, орталықта түнде -10...-26°C;
- Оңтүстікте түнде -2...-15°C;
- Оңтүстік-шығыста түнде -3...-10°C, таулы аймақтарда -12...-20°C.