Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кейбір қазақстандықтар үшін МӘМС жарнасы өседі

Кейбір қазақстандықтар үшін МӘМС жарнасы өседі

Депутат Асхат Аймағамбетов 12 наурызда мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар төлеу үшін табыстың жоғарғы шегін ұлғайту ұсынылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Асхат Аймағамбетов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытындыны дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ол заң жобасының мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

“Біріншіден, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакетін 2027 жылға қарай екі есе, яғни 57-32%-ға дейін қысқарту, сәйкесінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін 68%-ға дейін ұлғайту, екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер тарапынан МӘМС жарналары үшін төленетін табыстың жоғары шегін 10 есе ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру, үшіншіден жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық деңгейге жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеу көзделіп отыр”, – деді депутат.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
12 наурыз 2025 ж. 34 0