МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аталған жиынды аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов жүргізді. Ауданға арнайы келген мамандар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мұнымен бірге «МӘМС» жүйесіне сақтандырылмаған азаматтар үшін тиімді ақпараттармен бөлісті.
Одан соң тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді. Келген тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, шешу жолдарын қарастырды.
"Толқын" ақпарат