Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүлдіршіндерге "Рамазан тәттісі" таратылды

Бүлдіршіндерге "Рамазан тәттісі" таратылды

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар ауылдық "Оңғар ахун" мешітінің ұйымдастыруымен  "Рауан" балабақшасының бүлдіршіндеріне "Оңғар ахун"мешітінен 35 балаға "РАМАЗАН ТӘТТІСІ "таратылды." Рауан" балабақшасының меңгерушісі Сансызбаева Сәуле және тәрбиеші апайлар келіп, қатысты.
Рамазан айында кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған мешіт имамы Ә.Әлниязов балабақша ұжымының атынан алғысын білдірді. Балаларды қуантқаннан артық не бар бұл өмірде? Олардың жайнаған жүзін көріп, күміс күлкісін естіп, алаңсыз бақытты балалық шағын тамашалағаннан артық ғажап нәрсе болмас. Баланы қуанту – әлемге шуақ шашумен тең. Өйткені, балақайлар болашағымыздың баянды жолы, өміріміздің мәні, өміріміздің жалғасы.Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

"Оңғар ахун мешітінің баспасөз қызметі
18 наурыз 2025 ж. 175 0