Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін жазаланды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Б. ағымдағы жылдың 6 наурызы күні, алкогольдік масаң күйде жәбірленуші К-нің үйінің терезесінің әйнектерін қасақана ұрып сындырған.
Бұған дейін ол, 2024 жылғы 29 шілдедегі сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Б. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Арал аудандық соты