Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін жазаланды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Б. ағымдағы жылдың 27 шілдесі күні, алкогольдік масаң күйде жәбірленуші И-дің үйінің терезесін сындырып, мүліктік залал келтірген.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Б. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты