Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол жүрісі қағидаларын бұзып, мүліктік залал келтірген

Жол жүрісі қағидаларын бұзып, мүліктік залал келтірген

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Б. мотокөлік басқаруға құқығы жоқ бола тұра, «Jelmaia» мотокөлігімен азаматша С-ның басқаруындағы «Hunday Accent» маркалы автокөлігіне соғып, жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 144 900 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты
28 желтоқсан 2023 ж. 243 0