Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Заңсыз жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 
Азамат Н. құзырлы органға жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен, жеке көлігімен заңсыз жолаушы тасымалдаған, яғни тiркеусiз кәсiпкерлiкпен айналысқан. 
Сот отырысында құқық бұзушының құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.Сот қаулысымен Н. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 36 225 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты
18 қаңтар 2024 ж. 280 0