Заңсыз жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Азамат К. құзырлы органға жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен, жеке көлігімен жолаушы тасымалдаған, яғни тiркеусiз кәсiпкерлiк қызметпен айналысқан.
Сот отырысында құқық бұзушының құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 36 225 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі