Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш облыста көлік қозғалысы шектелді

Үш облыста көлік қозғалысы шектелді

Шектеулер – еріген қар сулары салдарынан болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол»-дың мәліметінше бүгінгі сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы: - «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы: - Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы: «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника және 57 маман жұмылдырылған.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
26 наурыз 2025 ж. 53 0