Алғаш рет мектепте «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:
Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.
— Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың саналы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді, — делінген хабарламада.
Фото: Нұрболат Нұржаубай