Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Тек шығыс өңірлер ғана антициклон ықпалында болып, бұл аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 7 сәуірге қараған түні оңтүстік, батыс және солтүстік-батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, ал күндіз жауын-шашын орталық Қазақстанда да болады. Ел аумағында тұман түсіп, желдің күшеюі мүмкін. Оңтүстікте желдің екпіні күшейеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, синоптиктер 7 сәуір күні күндіз батыс және оңтүстік өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін екенін ескертеді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
07 сәуір 2025 ж. 103 0